
Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ААҚ делегацияларының жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, 2026 жылға арналған Қазақстан мұнайын Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзиттік режимде тасымалдау бойынша қызметтер көрсету туралы шартқа қол қойды.
«ҚазТрансОйл» мен «Транснефть» арасындағы көпжылдық әріптестік сенімді әрі өзара тиімді негізде дамып келеді. Бірлескен жұмыс мына бағыттарды қамтиды:
- Қазақстандық мұнайды Ресей аумағы арқылы Новороссийск және Усть-Луга теңіз порттарына жеткізу;
- Мұнайды Еуропалық Одақ елдеріне одан әрі экспорттау үшін Ресей мен Беларусь шекарасына тасымалдау;
- Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы транзиттеу;
- Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарына жеткізуді қамтамасыз ету.
Бұл келісім Қазақстан мен Ресей арасындағы энергетикалық әріптестікті нығайтып, мұнай тасымалының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
В Атырау -1