Атырау, 18 желтоқсан 16:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Қазақстандықтар көліктеріне мемлекеттік туды еркін іле алады

100 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде әлеуметтік желілерде автокөліктерге Мемлекеттік ту ілу мәселесі қызу талқыланды.

Кейбір азаматтар көліктеріне ту ілгені үшін жол-патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқанын жазды. Алайда Ішкі істер министрлігі мен аймақтық полиция департаменттері түсіндіргендей, 16 желтоқсанда жүргізушілер тек жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда ғана тоқтатылған.

Заң бойынша көлікке Мемлекеттік Ту ілген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Дегенмен мемлекеттік рәміздерді қолданудың арнайы ережелері бар, оны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қадағалайды.

Министрлік өкілдері азаматтардың патриоттық сезімін білдіруін қолдайтынын, бірақ рәміздерді пайдалану заңнамаға сәйкес жүзеге асуы тиіс екенін атап өтті.

Қазақстанда «Заң және тәртіп» қағидасы барлық жағдайда және барлық азаматтарға бірдей қолданылады.

Бүгін, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.