Атырау, 18 желтоқсан 14:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​Маңғыстауда әлеуметтік осал топтардың баспанаға қолдау құқығы қалпына келтірілді

53 рет қаралды

Маңғыстау облысының прокуратурасы заңнамалық актілерді тексеру барысында әлеуметтік осал топтардың құқықтарына әсер еткен бұзушылықтарды анықтады.

2019 жылы облыстық мәслихат тұрғын үй жәрдемақысын алатын санаттар мен мөлшерді бекіткен еді. Бұл жеңілдіктер бастапқы жарнаны төлеу немесе үй құнының бір бөлігін жабуға арналған мемлекеттік қолдау болатын.

Алайда өткен жылы заңнамаға өзгерістер енгізіліп, жәрдемақы алушылардың саны 2-ден 12 санатқа дейін кеңейгенімен, мәслихат шешіміне тиісті түзетулер жасалмаған. Соның салдарынан 100 мыңнан астам адам, оның ішінде әлеуметтік осал топтар, жеңілдіктен қағылған.

Прокуратураның араласуымен қала және аудан мәслихаттарының шешімдері заңға сәйкестендіріліп, азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Бүгін, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.