Атырау, 18 желтоқсан 14:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Каталонияда 400-ге жуық мигрант күштеп шығарылды

96 рет қаралды

Испанияның шығысындағы Каталония автономиялық аймағында Барселона маңындағы Бадалона қаласында орналасқан бұрынғы мектеп ғимаратынан шамамен 400 мигрант күштеп шығарылды. Бұл ғимарат 2023 жылдан бері заңсыз қоныстанғандардың баспанасы болып келген, дп хабарлайды АА.

Операция 4 желтоқсандағы сот шешіміне сәйкес таңертең басталды. Бұл – Испаниядағы заңсыз қоныстанған мигранттарды шығару бойынша ең ауқымды полиция операциясы болып отыр.

Жергілікті биліктің дерегіне қарағанда, бастапқыда ғимаратта 400 адам тұрған, бірақ алдағы көшіру туралы хабар тараған соң соңғы апталарда олардың саны 200-ге дейін азайған.

Әлеуметтік қызметтер ең осал 50 мигрантты уақытша әлеуметтік мекемеге орналастырды. Қалғандарына уақытша баспана мен көмек көрсету мәселесі бойынша кеңес беріліп жатыр.

Каталония үкіметінің басшысы Сальвадор Илья әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде бұл көшіру «гуманитарлық құндылықтарды сақтай отырып, көмек көрсету мақсатында жасалды» деп атап өтті.

Ал Каталония парламентіндегі Comuns партиясының өкілі Джессика Альбиак биліктің әрекетін сынға алып, «Бұл – масқара, адам құқықтарының бұзылуы. Қыс ортасында, балама баспана берілмей жасалды» деді.

Операцияға каталон полициясы Mossos d’Esquadra және Испанияның Ұлттық полициясы қатысып, мигранттар мен құқық қорғау органдары арасында кей сәттерде шиеленіс болған.

Бүгін, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.