Атырау, 18 желтоқсан 20:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​Алматы – Бангкок рейсі техникалық себеппен Делиге қонды

129 рет қаралды

18 желтоқсанда Алматы-Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындайтын ұшақ техникалық себеппен Дели әуежайына қонды, деп хабарлайды Air Astana компаниясының баспасөз қызметі. 

138 жолаушысы бар ұшақ Алматыдан 01: 00-де ұшып шығып, штаттық режимде 05: 51-де Делиге қонды.

Әуе компаниясының хабарламасында "Барлық жолаушыға тамақ беріледі, уақытша визалар ресімделді, әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр. Сонымен қатар Бангкокқа рейсті жалғастыру үшін резервтік борт дайындалуда" делінген. 

Сонымен қатар жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуе компанияның негізгі басымдығы екенін атап өтті. 

Бүгін, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.