Атырау, 18 желтоқсан 20:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы FPV дрондарды игеруде

85 рет қаралды

gov.kz
gov.kz

ҚР ІІМ Басқару академиясында Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгерлері екі апта бойы FPV дрондарды басқаруға арналған кешенді курстан өтті. Оқыту бағдарламасын «Ashyq Aspan Foundation» Ғылыми білім қоғамдық қорының мамандары ұйымдастырып, тыңдаушыларға теориялық және практикалық сабақтар өткізді.

Курс үш негізгі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде жауынгерлер симуляторларда жаттығып, оқу-дрондарын басқаруды меңгерді. Екінші кезеңде қатысушылар дрондардың құрылымын зерттеп, ақауларын жөндеуді үйренді. Ал соңғы кезеңде арнайы дайындалған топ FPV дрондарын күрделі операцияларда қолдану әдістерін, маневр жасау тактикасын және антидрон жүйелерімен өзара әрекет ету тәсілдерін зерттеді.

Оқуға қатысқан «Барыс» лақап атты жауынгер тәжірибенің маңызын ерекше атап өтті:

— Біз бұл жолы шағын әрі аса жылдам FPV дрондарын қолдануды үйрендік. Мұндай ұшу аппараттары тапсырманы орындауға қолайлы. Әсіресе, нысан ішін барлау, тінту және тексеру кезінде таптырмас құрал, — деді ол.

Арнайы курстың соңғы күндері қатысушылар арасында FPV tinywoop сайысы өткізілді. Осы арқылы олар оқып-үйренгендерін көрсетті. Үздік шыққандары мадақтамалармен марапатталды. Сондай-ақ барлық қатысушылар курстан өткені туралы сертификат иеленді.

Алдағы уақытта курсты жалғастыру жоспарланып отыр. Келесі жолы жауынгерлер FPV дрондарды толығымен өздері құрастыруды және техникалық жөндеуді тереңірек меңгеретін болады.

Айта кетейік, биылдан бастап ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде дрон операторларын даярлау курсы іске қосылды. Бұл сарбаздарға заманауи әскери-қолданбалы дағдыларды меңгеріп, сұранысқа ие мамандықты игеруге мүмкіндік береді.

Бүгін, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.