Атырау, 18 желтоқсан 20:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Түркістан облысында Келес өзеніндегі көпір құлап, көлік қозғалысы тоқтатылды

Бейнежазба
133 рет қаралды

Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар КХ-20 автожолындағы көпір құлады. Оқиғаның видеосы әлеуеттік желіде жарияланды, деп хабарлайды Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алдын ала қауіп белгілері анықталып, көпір арқылы көлік қозғалысы толық тоқтатылды. Соның арқасында адам шығыны мен материалдық залалға жол берілген жоқ.

«Оқиға болған сәттен бастап Келес ауданы әкімдігі тарапынан тиісті қызметтер шұғыл түрде жұмылдырылды. Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Көпірді қалпына келтіру және көлік қатынасын қайта жолға қою мақсатында шұғыл түрде ретке келтіру бойынша шаралар қабылдануы тиіс.  

«Тұрғындардың қауіпсіздігін әрі үздіксіз қатынауын қамтамасыз ету үшін уақытша балама жолдар пайдаланылып жатыр. Жағдайға байланысты барлық қажетті шара кезең-кезеңімен атқарылады», - дейді әкімдіктегілер.

Бүгін, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.