Атырау, 17 желтоқсан 20:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Атырауда кәсіпкер сапасыз терезе үшін 1,3 млн теңгеге жуық өтемақы төлейді

110 рет қаралды

Атырау қалалық сотында тұрғынның жеке кәсіпкерге қарсы сапасыз тауар бойынша берген талабы ішінара қанағаттандырылды.

Іс материалдарына сәйкес, тараптар арасында ақ түсті терезелер мен терезе жақтауын дайындап, орнату туралы шарт жасалған. Алайда орнатылған терезе жақтауы шартта көрсетілгендей ақ емес, сұр түсті болып шыққан. Терезе мен жақтаудың түстері сәйкес келмей, көзге жағымсыз көрініс берген.

Талап қоюшы кемшіліктерді жоюға кеткен шығындар мен моральдық зиянды өндіруді сұраған. Жауапкер талаппен келіспеген.

Сот талқылауы барысында «Атырау облыстық сот сараптамасы институтының» маманы тартылып, тауардың шарт талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

Сот шешімімен жеке кәсіпкерден тұтынушы пайдасына:

  • 1 214 370 теңге — сапасыз тауардың кемшіліктерін түзету шығындары,
  • 20 000 теңге — моральдық зиян,
  • 12 143 теңге — мемлекеттік баж,
  • 121 437 теңге — өкілдің қызметіне кеткен шығын өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бүгін, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.