Атырау, 17 желтоқсан 20:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Луврдағы ереуіл: музей қызметкерлері еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде

91 рет қаралды
Christophe Ena/Copyright 2025 The AP.
Christophe Ena/Copyright 2025 The AP.

Франция астанасындағы Лувр музейі қызметкерлерінің ереуіліне байланысты сәрсенбі күні таңертең қайтадан жабылды. Кәсіподақ өкілдері қалыптасқан жағдайды «жол беруге болмайтын» деп бағалап отыр. Бұл туралы Евронью́с хабарлады.

Ереуіл музей үшін қиын кезеңде өтіп жатыр. Айта кетейік, бұл жағдай атышулы зергерлік бұйымдардың ұрлануынан кейін шамамен екі ай өткен соң орын алуда.

Қызметкерлер бірқатар түйткілді мәселені алға тартады. Олардың қатарында кадр тапшылығы, ғимараттың тозуы, сондай-ақ Еуропалық одаққа кірмейтін елдерден келген туристер үшін кіру билеттерінің қымбаттауы бар.

Мәдениет министрлігі жағдайды тұрақтандыруға тырысып, бірқатар шаралар жариялады. Атап айтқанда, 2026 жылға жоспарланған 5,7 млн еуро көлеміндегі қаржыландыруды қысқартудан бас тарту, қызметкерлер санын және бақылауды арттыру, сондай-ақ жалақыны көтеру ұсынылды.

Алайда кәсіподақтар бұл шараларды жеткіліксіз деп есептейді. Олар үкіметтен қызметкерлер саны мен еңбекақыға қатысты ұзақ мерзімді нақты міндеттемелер қабылдауды талап етуде.

Апта басында шамамен 400 қызметкер ереуіл өткізуге бірауыздан дауыс берген. Соның салдарынан әлемдегі ең көп келуші жиналатын музей дүйсенбі күні жабылды.

Сәрсенбі күні Лувр директоры Лоранс де Кар Франция Сенатының мәдениет жөніндегі комитеті алдында тағы да сөз сөйлейді. Кездесуде музей қауіпсіздігіне қатысты мәселелер басты назарда болады.

Еске салайық, 22 қазанда, ірі ұрлық оқиғасынан кейін бірнеше күн өткен соң, Лоранс де Кар сенаторлар алдында музейдің қауіпсіздік жүйесінде олқылықтар болғанын мойындаған еді.

Бүгін, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.