
Атырау облысында биыл денсаулық сақтау саласына қызметке жаңадан кірскен 31 медицина қызметкеріне біржолғы әлеуметтік көмек берілді.
Қазіргі уақытта тағы 68 маманның құжаты тиісті комиссияда қаралуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірде дәрігерлерге деген қажеттілік 107 бірлікті құрап отыр. Оның 39-ы аудандық медицина ұйымдарына тиесілі. Әсіресе акушер-гинекологтар, терапевтер, жалпы тәжірибелі дәрігерлер және бірқатар бейінді мамандарға сұраныс жоғары күйінде қалып отыр.
Кадрлық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2023–2025 жылдарға арналған медицина қызметкерлерін өңірге тарту жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Мәслихат шешіміне сәйкес, медицина қызметкерлеріне жұмыс орнына байланысты 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін біржолғы әлеуметтік қолдау көрсету көзделген.
Сонымен қатар тұрғын үй мәселесі де назардан тыс қалмаған. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа орналасқан дәрігерлер үшін «Отбасы банкі» АҚ арқылы 5 пайыздық жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы іске асырылып келеді. Аталған бағдарлама аясында бүгінгі күнге дейін 43 медицина маманы баспанамен қамтылған.
В Атырау -1