Атырау, 17 желтоқсан 16:16
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Қарағандылық балуан грэпплингтен әлем чемпионы атағын төртінші рет қорғады

57 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

Қарағандының намысын қорғап жүрген спортшы Умар Имендинов грэпплингтен кезекті мәрте әлем чемпионы атанды. NAGA (North American Grappling Association) сериясы аясында өткен дүбірлі дода оның спорттық мансабындағы төртінші әлемдік титулмен толықты.

АҚШ-тың Техас штатындағы Даллас қаласында ұйымдастырылған грэпплингтен NAGA әлем чемпионатына әлемнің әр елінен шамамен 1600 спортшы жиналды. Қарағандылық балуан жарыс барысында үш белдесу өткізіп, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, финалға дейін сенімді жетті.

— Чемпионаттан алған әсерім ерекше. Төрешілік әділ болды. Үш кездесу өткіздім, қарсыластарымның қатарында америкалықтар мен мексикалықтар бар. АҚШ-та бұған дейін де бірнеше рет күрескенмін, сондықтан ортаға тез бейімделіп, ешқандай қиындық сезінбедім, — деді әлем чемпионы.

Умар Имендинов спортпен он жылға жуық уақыттан бері тұрақты түрде айналысып келеді. Ол спорттағы жолын аралас жекпе-жек түрлерінен бастап, бүгінде спорт шебері атағына ие, ММА бойынша кәсіби файтер ретінде танылған.

Тәжірибелі спортшының жетістіктер қоржынында бразилиялық джиу-джитсудан үш мәрте әлем чемпионы атағы, грэпплингтен Қазақстан чемпионаттарындағы алты алтын медаль, сондай-ақ панкратион, no-gi джиу-джитсу және қоян-қолтық ұрыстан ел біріншіліктеріндегі бірнеше мәрте жеңіс бар.

Айта кетейік, Умар Имендинов грэпплингтен NAGA әлем чемпионатындағы алғашқы алтын жүлдесін 2020 жылы еншілеген. Кейін 2024 жылы екі мәрте тұғырдың ең биік сатысына көтеріліп, биылғы маусымда да чемпиондық атағын тағы бір мәрте растады.

Бүгін, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.