
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК 18 желтоқсанда Атырау қаласының бірқатар аумақтарында суық су уақытша өшірілетінін хабарлады.
Мекеменің мәліметінше, Нұрсая шағын ауданында, Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан «Нью Сити» тұрғын үй кешені аумағындағы жоғарылатқыш сорғы станциясында су құбырындағы кері жапқыштарды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты сорғы станциясының жұмысы уақытша тоқтатылады.
Соған сәйкес, 2025 жылғы 18 желтоқсан күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін төмендегі мекенжайларда суық су беру тоқтатылады:
«Нью Сити» тұрғын үй кешені, Әбілқайыр хан даңғылы №74/1 (1–13 блоктар);
«Дарын» балабақшасы, Әбілқайыр хан даңғылы №72А.
В Атырау -1