
Алматы – Бангкок бағытындағы әуе рейсінде жанжал шығып, нәтижесінде ұшақ бортынан төрт шетел азаматы түсірілді. Полицияның мәліметінше, олардың екеуі мас күйде болған. Бұл туралы Zakon.kz телеграм арнасы хабарлады.
Жолаушылар арасындағы сөзге келу төбелеске ұласқан. Оқиға сәті куәгерлер түсірген видеолар арқылы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
Көліктегі полиция департаменті бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қақтығысқа қатысқан екі адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
В Атырау -1