Атырау, 17 желтоқсан 15:03
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​«ҚазТрансОйл» Еуропадағы алғашқы өкілдігін ашады

92 рет қаралды
Сурет: «ҚазТрансОйл» АҚ
Сурет: «ҚазТрансОйл» АҚ

2025 жылғы 10 желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі компанияның Польша Республикасында филиалын ашу туралы шешім қабылдады. Бұл – «ҚазТрансОйлдың» Еуропалық Одақ аумағындағы алғашқы өкілдігі.

Компанияның мәліметінше, жаңа филиал Польша аумағындағы мүдделерді қорғауға, сондай-ақ Беларусь арқылы өтетін транзитті қоса алғанда, өзге елдердің магистральдық құбыр жүйелерімен қазақстандық мұнайды тасымалдауды ұйымдастыруға қатысады. Сонымен қатар «Адамова Застава» мұнай қабылдау пунктінде қазақстандық мұнайды қабылдау және тапсыру кезінде есеп айырысу операциялары жүргізіледі.

Бұл жоба қазақстандық мұнайды Германия бағытына, соның ішінде Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие. Филиалдың ашылуы мұнай тасымалдаудың баламалы халықаралық бағыттарын дамытуға және Қазақстанның жаһандық энергетикалық нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

Бүгін, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.