Атырау, 17 желтоқсан 11:54
 ашықВ Атырау 0
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Ұлттық банк инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендеді деп мәлімдеді

97 рет қаралды

Қараша айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция төмендеп, 12,4% деңгейінде тұрақтады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. 

Ол инфляцияға ең үлкен үлесті азық-түлік тауарлары бағасының өсуі қосып отырғанын атап өтті. Жылдық көрсеткіш жекелеген азық-түлік өнімдерінің әлемде бағасы жоғарылап кеткенімен және ішкі өндірістің өсіп келе жатқан шығындарымен байланысты 13,4%-ды құраған.

Қарашада азық-түлік емес инфляция 11,2%-ды, ақылы қызметтер инфляциясы 12,3%-ды құрады

Ұлттық банк басшысының айтуынша, 2025 жылғы қазан-қараша айларында жылдық инфляцияның баяулауы Үкіметтің әкімшілік шаралары нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (ТКҚ) тарифтерінің төмендегенімен байланысты болды. 

Сонымен қатар ТКҚ тарифтерінің көтерілуі мен ЖЖМ нарығын ырықтандырудың жанама әсерлері инфляцияға және инфляциялық көңіл-күйге айтарлықтай әсер етуде. 

«Сондай-ақ тұрақты ішкі сұраныс, жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру және инфляциялық көңіл күйдің артуы бағаның өсуіне әсер етіп отыр», — деп толықтырды Тимур Сүлейменов.
Бүгін, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.