
БҚДА мүдделі мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың қатысуымен такси қызметі бойынша мониторингтік топтың кезекті отырысын өткізді.
Отырыс барысында динамикалық баға белгілеуге қатысты аналитикалық талдау және Яндекс.Таксидің комплаенс міндеттемелерін орындау мәселесі қаралды.
Пікірталас нәтижесінде Яндекс.Таксиге сұраныс өсуі мүмкін геоаймақтар туралы деректерді алгоритмге енгізу арқылы шекті кезеңдерде баға құбылуын төмендету ұсынылды. Бұл жүргізушілердің қажетті аймақтарға уақтылы ауысуын ынталандыруға мүмкіндік береді.
Бәсекелестік туралы заңнаманы бұзу белгілері анықталған жағдайда Агенттік тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.
В Атырау -7