Атырау, 16 желтоқсан 23:37
 ашықВ Атырау -7
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Атырауда қайтқан адамның сүйегі пәтерде үш апта жатып қалған

79 рет қаралды

Атырауда Береке ықшамауданы, № 24 үйде ер адамның сүйегі табылды. 

Тұрғындардың айтуынша, сүйектің пәтерде жатқанына 21 күн өткен. Ал оның өлгені туралы туысқаны іздеп келгенде белгілі болған. 

Осыған дейін дәлізде қаңсық иіс тұрды, әлі де кетпей тұр, сіңіп қалған дейді көршілері. Сүйек табылғаннан кейін тұрғындар өз күшімен тазалдап, ретке келтірген, бірақ иіс сонда да кетпей тұр. 

— «Иіс бүкіл подъезді алып кетті. Біз өз күшімізбен адам жалдап, тазалап, хлор, "Белизнамен" жудық, Сонда да иіс кетпей тұр. Біз маманы болмағасын, не қолданған дұрыс екенін де білмейміз», — дейді көршілердің бірі.  

Тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер немесе мамандандырылған ұйымдар оқиға орнына келмеген, ресми дезинфекция жүргізілмеген.

Тұрғындар мұндай жағдайлардан кейін дәліз бен пәтерді санитариялық өңдеуге кім жауапты — пәтер иелері кооперативі мен әлді меншік иелері бірлестігі ме деп сұрайды.

Бүгін, 20:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.