Атырау, 15 желтоқсан 19:28
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​БҚО-да боран кезінде жоғалған 3 адам қаза болып, біреуі аман табылды

98 рет қаралды

Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсан күндері боран кезінде жоғалған 3 адамдың сүйегі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, Жәнібек ауданына қарасты Күйгенкөл ауылдық округіндегі Жасқайрат ауылы маңынан 57 жастағы ер адамның сүйегі анықталды. Сондай-ақ Бөкейорда ауданында 25 жастағы ер адам, ал Қазталов ауданында 35 жастағы ер адам суықтан көз жұмғаны белгілі болды.

Ақжайық ауданында боран кезінде жоғалып кеткен 54 жастағы ер адам тірі табылды. Оның қолы мен аяғы үсіп қалған. Зардап шегуші шұғыл түрде Орал қаласына жеткізілді.

Қазіргі уақытта Жәнібек ауданында тағы бір, 59 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Іздестіру шараларына төтенше жағдайлар қызметінің, әскери бөлімдердің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылған. Барлығы 49 адам мен 8 техника бірлігі тартылған.

Құқық қорғау органдары боранды күндері жолға шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Бүгін, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.