
Павлодар қаласында еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
42 жастағы спортшы билік өкілдеріне күш қолданды деген айып бойынша кінәлі деп танылды.
Іс материалдарына сәйкес, оқиға биыл қыркүйек айында болған. Көшеде Ұлттық ұланның үш әскери қызметкері тоқтатқан спортшы алдымен оларға тіл тигізіп, кейін жұдырық ала жүгірген. Тергеу барысында палуанның сол сәтте дәмханадан мас күйде шыққаны анықталған.
Сот шешімімен Дәулет Шабанбай билік өкілдеріне күш қолданғаны үшін кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда өтейді.
Айта кетейік, Дәулет Шабанбай 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болған. Алайда медаль оған араға он жыл салып, 2022 жылы екі қарсыласы допинг қолданғаны үшін шеттетілгеннен кейін табысталған. Олимпиада жүлдегері шамамен бес жыл бұрын кәсіби спорттық мансабын аяқтаған.
В Атырау -8