Атырау, 15 желтоқсан 19:29
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Е​рлі-зайыптының арасындағы банк құпиясы: ​Конституциялық Сот ​шешім шығарады

111 рет қаралды

Конституциялық Сот алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 50-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

Дауланып отырған нормаға сәйкес банк құпиясы клиентке ғана, шот (мүлік) иесінің жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не шот иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін. 

Өтініш беруші ажырасқаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арызды дайындау кезінде неке кезеңінде бұрынғы жұбайының қаржылық жинақтары туралы ақпарат ала алмады. Оның пікірінше, қолданыстағы норма ерлі-зайыптылардың біреуін бірлескен жинақтар туралы ақпаратқа қол жеткізуден айырады және ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлеске құқықты іске асыруға кедергі келтіреді.

Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.

Бүгін, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.