Атырау, 15 желтоқсан 17:58
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Volkswagen Германиядағы зауытын жабады

100 рет қаралды
Сурет:  Volkswagen AG
Сурет: Volkswagen AG

Концерн Дрездендегі өндіріс алаңын жабуға мәжбүр. Financial Times басылымы хабарлағандай, бұл компанияның 88 жылдық тарихындағы алғашқы жағдай. Volkswagen-нің мұндай стратегиясы шығынды азайтуға бағытталған, деп хабарлайды kolesa.kz.

Дрездендегі зауытта автомобильдер 2002 жылы конвейерге тұрды. Бұл — брендтің өндіріс көлемі шағын кәсіпорындарының бірі, бұған дейін мұнда бар-жоғы 200 мың машина шыққан.

Өндіріс орны автозауыт болмайды, бірақ сол салаға жақын бағытта жұмыс істейді. Жаңа иесі — Дрезден техникалық университеті, ол робототехника, микроэлектроника және басқа заманауи технологияны зерттейтін ғылыми орталық ашпақшы және экскурсия өткізбекші.

Қарашаның ортасында неміс басылымы концерн жаңа инвестиция жоспарын бекіту мерзімін кейінге шегергенін хабарлады. Volkswagen алдағы бес жылға арналған стратегияны қарашада ұсынуы керек еді, бірақ бұл 2026 жылдың алғашқы айларына қалып отыр. Компания негізгі нарықтардағы саудасы төмендегеніне байланысты өз саясатын қайта қарауға мәжбүр. Бұрынғы жоспар бойынша 11 миллиард еуро инвестиция жетпейді. АҚШ пен Еуроодақ билігінің электромобильге берілетін жеңілдікті алып тастауы сияқты геосаяси жағдай жоспарына әсер етуі мүмкін.

Бүгін, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.