Атырау, 15 желтоқсан 17:53
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Шабуылдың салдары: Қазақстан Каспий құбырына келген шығынды анықтауда

108 рет қаралды

Каспий құбыр консорциумына шабуыл салдарынан келген шығын есептелініп жатыр. Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды Kazinform.

- Соңғы шабуылдан кейін Энергетика министрлгі азаматтық инфрақұрылымға, әсіресе аса маңызды саналатын инфрақұрылымға шабуыл жасауға жол беруге болмайтынын мәлімдеді Қазақстан өндіретін мұнайдың 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортқа шығарылатыны ешкімге де құпия емес, - деді министр БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде.

Ерлан Ақкенженов КҚК халықаралық заңнамаға сәйкес құрылғанын, акционерлерінің басым бөлігі Еуропа, АҚШ және Қазақстан екенін атап өтті.

- Тек шағын бөлігі ғана реселік компанияға тиесілі. Сондықтан Сыртқы істер министрлігінің саяси мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстан азаматтық аса маңызды инфрақұрылымға мұндай шабуылды айыптайды. Біз оған жол беруге болмайды деп санаймыз, - деді министр.

Оның атап өтуінше, алдымен КҚК-ға шабуыл салдарынан келген шығынды бағалау қажет. Содан кейін ғана Қазақстан аталған сомаға байланысты іс-әрекет жасайды.

- Оқиғаның одан ары қалай өрбитініне Сыртқы істер министрлігі түсініктеме береді деп ойлаймын. Энергетика министрлігі тарапынан саяси мәлімдеме болуы мүмкін емес. Біз энергетика саласындағы саясатты жүзеге асыратын органбыз, - деді Ерлан Ақкенженов.

Бүгін, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.