
Атырау облысы бойынша ҚАЖД №15 мекемесінде өндірістік және әкімшілік модульді ғимараттардың құрылысы аяқталды.
Бұл жоба Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен және жергілікті атқарушы органның қолдауымен өндірістік нысандарды жаңарту мақсатында жүзеге асырылды.
Жоба аясында әрқайсысының жалпы ауданы 880 м² болатын екі ангар мен жалпы ауданы 564 м² болатын бір қатарлы контейнерлік үлгідегі модульды ғимарат салынды.
Өндірістік ангарлар электр қуатымен, жылыту және желдету жүйелерімен, бейнебақылау жүйесімен, өртке қарсы және күзет дабыл жүйелерімен жабдықталған, сондай-ақ санитариялық тораптар мен душ бөлмелері қарастырылған. Бұдан бөлек, әр бөлмеге металл шкафтар мен сөрелер орнатылған.
Модульді ғимарат – әкімшілік нысан болады, онда кітапхана, кабинеттер, монша, шаштараз, киім ілетін бөлме және сотталғандарға арналған санитариялық тораптар орналасқан.
Сотталғандарды еңбекпен қамту мақсатында қазіргі таңда 8 жеке кәсіпкермен 200 сотталғанды жұмысқа қабылдау туралы келісім жасалды.
Ірі өнеркәсіптік өңірдің әлеуетін ескере отырып, әлеуетті жұмыс берушілерді тарту жұмысы жергілікті атқарушы органмен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жалғасын табуда.
В Атырау -6