Атырау, 15 желтоқсан 14:38
 ашықВ Атырау -6
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​«ҚазТрансОйл»​ желтоқсанда Қырғызстан мен Өзбекстанға 65 тоннаға дейін мұнай жөнелтеді

91 рет қаралды
Сурет: kaztransoil.kz
Сурет: kaztransoil.kz

«ҚазТрансОйл» АҚ Қырғызстанға тасымалданатын мұнай көлемінің артқанын, сондай-ақ 2025 жылғы желтоқсанда Өзбекстан бағыты бойынша мұнай транзитінің қайта басталғанын хабарлайды.

Қырғыз Республикасына мұнай жеткізу осы жылдың қараша айында қайта жанданды. Бұған дейін бұл бағыттағы тасымалдау 2017 жылы жүзеге асырылған болатын. 2025 жылдың соңына дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Қырғыз Республикасына 30 мың тоннаға дейін мұнай жөнелтуді жоспарлап отыр.

Өзбекстан бағыты бойынша мұнай транзиті ағымдағы жылдың желтоқсан айында 35 мың тоннаға дейінгі көлемде жүзеге асырылады деп күтілуде.

Екі бағыттағы мұнай жеткізілімінің жалпы көлемі 65 мың тоннаға дейін жетеді, оның ішінде 55 мың тоннаға жуығы ағымдағы айда тасымалданады.

Барлық бағыттар бойынша мұнай тасымалдау «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы «Шағыр» мұнай құю пунктіне дейін жүзеге асырылады. Аталған пунктте мұнай теміржол цистерналарына құйылады.

Мұнай тасымалы көлемінің оң серпіні халықаралық серіктестермен тиімді әрі өзара пайдалы ынтымақтастықтың нәтижесінде қамтамасыз етіліп отыр, дейді компания өкілдері. 

Бүгін, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.