Атырау, 26 қараша 08:49
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сот процесін бақылай аласыз

2 475 просмотра

Енді азаматтық сот процестеріне қатысушылар өз істерінің қозғалысын үйлерінен шықпай-ақ, кез-келген уақытта бақылай алады. Бұл Атырау облысының соттарына «Электронды бақылау өндірісі» жобасын жүзеге асыру арқасында мүмкін болды. Жобаның басты мақсаты – сот өндірісіне қатысушыларға сот органдарының электронды ресурстары арқылы мәліметтер ұсынуды автоматтандыру.

 – Мәселен, сотқа талап арыз, сот бұйрығын беру туралы өтініш және т.б. беріп, өтініш беруші интернет арқылы іс жүргізу барысына бақылау жасай алады. Бұл өте қолайлы, өйткені өтініш беруші құжатты электронды түрде алатын болады және оны өзіне қолайлы кезде қарай алады, - дейді облыстық соттың ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы Әдемі ЕСҚАЛИЕВА.

Сот ісі бойынша мәліметтерді қарау және сот актілері мен құжаттарды электронды түрде жүктеу тек сот органының кеңсесінен кіру үшін құпия сөзді алған, өтетін немесе өтіп кеткен сот процесіне қатысушыларға ғана қолжетімді. Сот істері мен материалдары сотқа тіркелген және тіркеу-бақылау кәртішкесіне ие болған сәттен бастап қолжетімді болады.  

– Сот өндірісіне қатысушының өзі сот ісі бойынша ақпаратқа кіруге құпия сөз алу үшін сот кеңсесіне жазбаша өтінішпен шығуы керек. Ол үшін жеке бас куәлігі мен ЖИН ұсыну қажет. Кіруге құпия сөзді беру туралы шешім өтініш берген күннен бастап үш күннен аспайтын мерзімде тексеруден өткеннен кейін қабылданады. Құпия сөз қолхат арқылы табысталады. Әрі қарай құпия сөзге ие болған қолданушы http://enp.supcourt.kz сілтемесіне кіріп, нұсқау бойынша әрекет етеді, - деп түсіндірді Ә. Есқалиева.  

Тамара СУХОМЛИНОВА

30 қыркүйек 2013, 20:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.