
Біржан сал ауданының прокуратурасы «Бурабай» МҰТП құрамына кіретін және ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын Жөкей көлінде заңсыз балық аулаумен айналысқан адамдар тобына қатысты қылмыстық іс бойынша (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 335-бабы 4-бөлігінің 1)тармағы) сапалы және жан-жақты қадағалауды қамтамасыз етті.
Тергеу анықтағандай, 2024 жылдың қыркүйегінде үш азамат алдын ала сөз байласу арқылы үрлемелі қайықтарды пайдаланып, түнгі уақытта көлден жабынды тормен 640 килограммнан астам балық аулаған.
Мемлекетке келтірілген залал 9 млн теңгеден асты.
Аудан прокуроры айыпталушыларды Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаларық сотына беріп, мемлекеттік айыптауды қолдады, онда сот пен алқабилер алдында олардың кінәларының толық дәлелдегенін қамтамасыз етті.
Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы сот үкімімен 3 азамат кінәлі деп танылып, балық аулау кәсібімен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Прокуратура экологиялық құқық бұзушылықтарға заңның бұлтартпастығын еске салады, сондықтан азаматтарды балық аулау ережелеріне және су биологиялық ресурстарын қорғауға жауапкершілікпен қарауға шақырады, әсіресе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда.
В Атырау -6