Атырау, 15 желтоқсан 14:37
 ашықВ Атырау -6
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Ақтөбе – Астрахан жолының жабылуына байланысты 100-ге жуық жолаушы "Атырау-Ақтөбе" пойызымен жеткізілді

112 рет қаралды
Сурет: ҚТЖ баспасөз қызметі
Сурет: ҚТЖ баспасөз қызметі

Қолайсыз ауа райы жағдайы мен Ақтөбе – Астрахан тас жолының уақытша жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау және отырғызу жұмыстарын жедел ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2025 жылғы 15 желтоқсанда №691 «Атырау – Ақтөбе» пойызы арқылы жолаушылардың қозғалысы қамтамасыз етілді:

  • Сағыз станциясынан Ақтөбеге дейін — 20 жолаушы;
  • Қарауылкелді станциясынан Ақтөбеге дейін — 30 жолаушы;
  • Қандыағаш станциясынан Ақтөбеге дейін — 46 жолаушы.

Жалпы саны 100-ге жуық жолаушы тасымалданды.

Күрделі метеорологиялық жағдайда теміржол көлігі ең қауіпсіз әрі сенімді қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды жалғастырып, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

Бүгін, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.