
Атырау облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Жергілікті қызмет көрсету мекемелерінің мәліметі бойынша келесі республикалық маңызы бар жол учаскелері жабық:
Атырау – Орал тас жолы;
Атырау – Ақтөбе тас жолы;
Атырау – Доссор – Бейнеу бағытындағы автожол.
Шектеу боран, қатты жел және жолдың көктайғақтануы салдарынан көлік қозғалысы үшін қауіпті жағдайлардың туындауына байланысты қабылданды.
Атырау облысының полиция департаменті жүргізушілер мен жол қозғалысына қатысушыларын алыс жолға шықпауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ ауа райы жақсарғанға дейін уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.
Қозғалыс шектеулері алынғаны туралы қосымша ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми ақпарат көздері арқылы хабарланатын болады.
В Атырау -6