Атырау, 15 желтоқсан 01:14
 бұлттыВ Атырау -6
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Атырау мектептерінің оқушылары 15 желтоқсанда қашықтан оқиды

110 рет қаралды

Атыраудағы қолайсыз ауа райына байланысты 15 желтоқсан күні облыстағы барлық білім беру ұйымдары қашықтан оқыту форматына көшеді. Бұл шешімді облыс әкімдігінде құрылған жедел штаб қабылдады. Облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі де мұны растады.

Еске сала кетсек, кеше Ақтөбе облысы мен Доссор кенті арасындағы жол қар аралас жаңбыр мен қатты желдің салдарынан жабылған болатын. Бүгін Атырау–Орал, Атырау–Ақтөбе, Атырау–Доссор–Бейнеу бағытындағы республикалық автожолдар да жабылды.

Облыс басшылары ауа райының құбылмалы болуына байланысты тұрғындарға абай болуға және аса қажет болмаса алыс жолға шығуды кейінге қалдыруға кеңес береді.

Айнұр САПАРОВА

Кеше, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.