
Мақат ауданындағы №377 бекетке елді мекен мәртебесін беру мәселесі оң шешімін тапты. Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты бекетке Шеңгелді атауы берілді.
Аудан әкімі Азамат Мамбетовтың айтуынша, бұл ұсыныс облыстық мәслихат сессиясында көтеріліп, депутаттардың қолдауына ие болған.
Бекеттің даму қарқынын ескере отырып, оған елді мекен мәртебесін беру жөнінде ұсыныс жасаған едім. Депутаттар бұл бастаманы қолдады. Енді бекет Шеңгелді атауымен ресми түрде тіркелді, — деді аудан әкімі.
Өйткені бұған дейін елді мекенге ресми атау берілмегендіктен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мүмкін болмаған болатын. Енді Шеңгелдінің жағдайы жақсаратын болады, жаңа жобалар жасақталмақшы.
Бұл ауылда 10 отбасыда 67 тұрғын тұрады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -10