
Түркия Украинадағы соғыс жағдайын дипломатиялық жолмен шешуге бағытталған кез келген бастаманы қолдауға әзір. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ашхабадта өткен Халықаралық бейбітшілік және сенім форумында айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ердоғанның айтуынша, Түркия Ресей және Украинамен тарихи тұрғыда қалыптасқан достыққа, өзара құрмет пен көпжылдық байланыстарға сүйенеді.
«Ресей мен Украина – біздің солтүстіктегі көршілеріміз. Оларды бізбен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынас пен өзара құрмет байланыстырады. Біз соғыстың тоқтайтынына шын жүректен сенеміз. Стамбұл үдерісі аясында, ең алдымен атысты тоқтатуға және бейбітшілік орнатуға бағытталған барлық дипломатиялық бастамаларды қолдауға дайынбыз», – деді Түркия басшысы.
В Атырау +3