
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов халықаралық Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Тимур Турловпен кездесу өткізді.
Келліссөз барысында тараптар бейнебақылау жүйелерін кеңейту перспективаларын, “Ақылды қала” жобасының құрамдастарын дамыту, сондай-ақ цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу және әлеуметтік маңызды бастамаларды іске асырудағы алдағы ынтымақтастық жөнінде сөйлесті.
Тимур Турлов компанияның аймақпен ұзақ мерзімді әріптестікке дайын екенін айтып, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының маңызын, сондай-ақ Атырау облысының тұрақты және технологиялық даму әлеуеті жоғары екенін атап өтті.
Серік Шәпкенов Freedom Holding Corp. компаниясының былтырғы су тасқыны кезінде көрсеткен қолдауына алғыс білдіріп, бірлесе қызмет етудің маңызына тоқталды.
Кездесу соңында Атырау облысы әкімдігі, Freedom Holding Corp. және “Көркем Телеком” ЖШС арасындағы үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум және әлеуметтік инвестициялар аясында 23 мектепте спорт алаңын салу, сол нысандардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруды көздейтін кешенді шараларды жүзеге асыру қарастырылған.
Тараптар алда бірлескен жобаларды пысықтауға келісті.
В Атырау +3