Атырау, 12 желтоқсан 16:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Джеки Чан «Доспехи Бога» фильмін Маңғыстауда​ түсіреді

60 рет қаралды

Маңғыстау облысы әлемдік жұлдыз Джеки Чанның қатысуымен жаңа ірі голливудтық киножобаның түсірілім алаңына айналады.

Әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан және «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа ірі киножобаның негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстауды ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы.

Сапар барысында киножоба өкілдері өңірдің табиғи және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен танысып, ондаған ықтимал түсірілім алаңдарын аралап, негізгі табиғи нысандарды жан-жақты зерделеді. Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде бірегей ландшафттары, ауқымды панорамалары және табиғи ерекшелігі үшін «Доспехи Бога» фильмінің түсірілім орны ретінде дәл Маңғыстау таңдалды.

Культке айналған фильмнің Маңғыстауда түсірілуі Қазақстанның киноиндустриясы үшін маңызды оқиға ретінде бағалануда. Жобаның жүзеге асырылуы еліміздің халықаралық кинематографиялық кеңістіктегі орнын нығайтып, өңірге инвестициялар тартуға, сондай-ақ креативті индустриялар мен туризм әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Аталған жобаға осындай деңгейдегі халықаралық команданың қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, жергілікті мамандарды тартуға және Маңғыстаудың табиғи әрі мәдени мұрасын әлемдік аудиторияға кеңінен танытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Жоба бойынша дайындық және ұйымдастыру жұмыстары белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасатын болады.

Бүгін, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.