Атырау, 26 қараша 08:46
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Экстремистерге қарсы үндеу

2 363 просмотра

Жақын арада Атырау қаласында тұтынушылардың мекен-жайына жіберілетін коммуналдық қызмет есепшоттарының келесі жағына діни экстремизмнің қауіптілігі туралы мәтіндер басылатын болады.

Облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Еркінбек ШОҚАЕВТЫҢ айтуынша, облыста діни құлшылық етуге арналған 35 нысан бар екен. Оның 28-і ислам дінін, 2-уі – православие, 2-уі – католик, 3-уі – протестант діндерін уағыздайды.

6шетелдік миссионерлер тіркелген (оның 4-уі Польшадан, 2-уі Италиядан). Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан 35 имам жұмыс істейді.

ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің ұсынысы бойынша облыстық әкімдік жанындағы діни қауымдастықтармен ынтымақтастық кеңесінің құрамы көбейді. Оған Атырау қаласындағы Рим-католик шіркеуі Апостол әкімшілігінің әкімшісі Аделио Дель ОРО енгізілді. Бұған дейін кеңес мүшелері тек екі діннің – ислам мен православие діндерінің өкілдерінен құралған болатын.

Облыс әкімінің қолдауымен Атырау қаласына жоғары білікті 4 теолог мамандар шақырылды. Бұдан басқа, ислам діні бойынша жергілікті мамандардың біліктілігін көтеру үшін Атырауға ұзақ мерзімге Египеттегі Әл-Азхар университетінің мамандары шақырылды.

Теолог мамандар негізгі жұмысты мешіттерде діндарлармен кешкі уақытта өткізеді. Олармен аудандық мешіттердегі діндарлар да байланыса алу үшін онлайн режимінде интернет байланысы орнатылған.

Облыстық әкімдіктің қолдауымен ҚР дін істері жөніндегі агенттіктің ұсынысымен жалпы таралымы 8 мың дана болатын «Абу Ханифа. Жизнь и наследие», «Абу Ханифа и ханафитский мазхаб», «Исламский радикализм – фактор общественной угрозы и нестабильности», «У терроризма нет лица»деген кітаптар жарық көрді. Олар аудио-бейнематериалдармен бірге мешіттегі діндарларға, студенттер мен оқушыларға таратылады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 қыркүйек 2013, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.