
2025 жылғы 11 желтоқсанда Атырау облысы және еліміздің бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі. Ауа райының мұндай қолайсыз жағдайлары республикалық маңызы бар жолдарда қиындық тудыруы мүмкін деп ескертеді жол мамандары.
Синоптиктердің болжамы бойынша жол көрінбей қалуы мүмкін, жолдың кейбір бөліктегрінде көктайғақ болуы мүмкін. Сол себепті мамандар жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.
Жолдың жағдайына қатысты 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
В Атырау -6