Атырау, 11 желтоқсан 21:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

"Shell" "Роснефтьпен" серіктестігін тоқтатуды жоспарлап отыр

148 рет қаралды
Сурет: Global Look Press
Сурет: Global Look Press

Британ-нидерланд компаниясы "Shell" Каспий құбыр консорциумындағы (КҚК) өз үлесінің бір бөлігіне иелік ететін бірлескен кәсіпорын шеңберінде ресейлік "Роснефтьпен" ынтымақтастықты тоқтатуға ниетті.

Бұл туралы Reuters агенттігі жағдайды білетін дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Мәселе Rosneft-Shell Caspian Ventures бірлескен кәсіпорнын тарату туралы болып отыр. Бұл кәсіпорын КҚК-де 7,5% үлеске ие, бұл ретте Shell құрылымның жартысына жуығына — шамамен 3,7% үлесімен қатысады. 

АҚШ қазан айында Украинадағы соғысқа байланысты"Роснефтке" қарсы санкциялар енгізді. Қазақстаннан мұнайдың негізгі экспорты өтетін құбыр жүйесі - КҚК-дегі Shell бірлескен кәсіпорнының үлесіне қатысты мәмілелер жүргізуге рұқсат беретін жарлыққа кеше РФ президенті Владимир Путин қол қойды.

Дереккөз Shell консорциумдағы жиынтық үлесін (шамамен 7,4%) қысқартуға ниетті емес екенін, тек ресейлік серіктестің қатысуын алып тастай отырып, меншік құрылымын өзгертуді жоспарлап отырғанын нақтылады.

Сарапшылардың пікірінше, үлестерді қайта құру КҚК корпоративтік архитектурасына әсер етуі мүмкін, алайда қазақстандық мұнайдың айтарлықтай бөлігі өтетін құбыр жүйесінің пайдалану қызметіне әсер етпейді.

Бүгін, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.