
Атырау облысы Әділет департаментінің Атырау қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімімен, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулылары негізінде құқықбұзушы жеке кәсіпкерлердің мүлкі тәркіленгені туралы хабарлады.
Мемлекет пайдасына 3300 дана қорап темекі өнімі, 1 жер үй, 3 пәтер және жалпы сомасы 18 600 АҚШ доллары, 37 000 ресей рублі, 500 грузиялық лари тәркіленді.
Сондай-ақ, Құрманғазы ауданаралық аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы Ж.У. Нажиевамен, Исатай аудандық сотының қаулылары негізінде құқықбұзушы жеке кәсіпкердің «Будар» реттік саны 09-35-АН жасыл түсті қайығы, «Mercury-15» және «Yamaha-15» ілмелі қайық моторлары мемлекет пайдасына тәркіленіп, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік жекешелендіру департаменті ММ-не тапсырылды.
В Атырау -6