Атырау, 13 желтоқсан 18:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

«КазТрансОйл» КТК көлемін қайта қарады: үш бағыт бойынша мұнай жеткізу көлемі ұлғайды

187 рет қаралды
Сурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Сурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

«КазТрансОйл» АҚ халықаралық әріптестермен және жүк жөнелтушілермен уақтылы ұйымдастырылған конструктивті келіссөздердің арқасында 2025 жылдың желтоқсанында мұнай экспортының көлемін ұлғайтқанын хабарлады.

Компания Каспий Құбыр Консорциумының мұнай құбырлары жүйесінен мұнай ағындарының бір бөлігін балама бағыттарға қайта бағдарлау бұру мәселелері бойынша келісті.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен тасымалдаудың бастапқы кестесімен салыстырғанда 2025 жылғы желтоқсанда экспорттық бағыттар бойынша мұнай жеткізу көлемінің ұлғаюы: 

  • Атырау-Самара – 232 мың тоннаға;
  • Қытай – 72 мың тоннаға;
  • Ақтау порты (Баку – Тбилиси – Джейхан бағытында) – 58 мың тоннаға жетті.  

Қосымша 2025 жылдың желтоқсан айының ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай өндіруші компанияларға резервуарлық паркте мұнайды жауапты сақтауға уақытша орналастыру бойынша мүмкіндіктер береді. Бұл жөнелту кестелерінің икемділігін, айдау режимдерін оңтайландыруды және магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеткізілімдердің үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

11 желтоқсан, 08:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.