Атырау, 10 желтоқсан 21:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

Шетелдік инвесторларды тарту арқылы жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр

109 рет қаралды
Сурет:  freepik.com
Сурет: freepik.com

Қазақстан төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына шетелдік инвесторларды тартуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігіне сілтеме жасай отырып LS порталы хабарлайды

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов KAZENERGY қауымдастығына ЭЫДҰ елдерінен келген компанияларды қоса алғанда, әлеуетті инвесторларға жобаны таныстыру үшін мақсатты роуд-шоу ұйымдастыруды ұсынды. Оның айтуынша, халықаралық әріптестердің қатысуы алдағы құрылыстың технологиялық және қаржылық базасын күшейтуге мүмкіндік береді. 

2025-2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасына сәйкес жаңа мұнай өңдеу зауыты жыл сайын 10 миллион тоннаға дейін шикізат өңдеуі тиіс. Бұған дейін құрылыс 2032 жылы басталуы мүмкін екені хабарланған болатын - дәл осы кезеңде Энергетика министрлігі 2036 жылға қарай туындауы мүмкін болатын жеңіл мұнай өнімдерінің тапшылығын болжауда. 

Алдын ала зауыттың орналасатын жері ретінде Батыс Қазақстан жері қарастырылып жатыр, алайда құрылыс орны туралы түпкілікті шешім көлік құралдарын электрлендіру қарқынына, энергия тұтыну динамикасына және елдің экспорттық әлеуетіне байланысты болады. 

Болашақ зауыттың негізгі параметрлері - қуаты мен технологиялық конфигурациясы - қажетті құжаттама әзірленгеннен кейін анықталады. Алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау 2028-2030 жылдарға жоспарланған. 

Жаңа МӨЗ-дің құрылысы Қазақстанның отындық қауіпсіздігін және мұнай өңдеу секторының ұзақ мерзімді перспективадағы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін стратегиялық қадам ретінде қарастырылып жатыр.

Бүгін, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.