
ТЖМ-нің «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылында жаңа өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылуы өтті.
Бұл елді мекен облыс орталығы Атырау қаласынан 500 км қашықтықта орналасқан. Жаңа нысан өңірдің ең шалғай аудандарының біріндегі қауіпсіздік жүйесін айтарлықтай күшейтуге арналған.
Жоба ведомство басшысы генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып, ауылдық елді мекендерде ерікті өртке қарсы құралымдар желісін дамытуға бағытталған.
Ашылу рәсіміне төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов, Құрманғазы ауданының және Атырау облысы ТЖ департаментінің басшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты. Ғимараттың кілті ауыл әкімі Думан Меңдешовке табысталды. Сонымен қатар іс-шара барысында бөлімшеге қызметтік міндеттерді орындау үшін әртүрлі санаттағы 2 бірлік автокөлік берілді.
Жаңа нысан модульді, қысқа мерзімде салынған және екі кіреберісі бар екі қабатты ғимарат болып табылады. Оның ішінде жедел қызметтердің жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті 17 бөлме орналастырылған. Олардың арасында: кезекші-диспетчерлік пункт, демалыс бөлмелері, оқу-жаттығу сыныбы, қойма және шаруашылық бөлмелер, санитарлық-гигиеналық аймақтар бар.
Сүйіндік ауылында ашылған өрт сөндіру пункті жалпы саны 4 мыңнан астам тұрғыны бар Сүйіндік, Батырбек, Егінқұдық, Жалғызапан, Балқұдық атты бес елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы пункт өңірдің қауіпсіздік инфрақұрылымын едәуір нығайтады, сондай-ақ шалғайдағы ауылдық аймақтардың тұрғындарын төтенше жағдайлардан қорғау деңгейін арттырады.
Дәстүр бойынша аумаққа жас ағаш көшеттері отырғызылды.
В Атырау -4 















