Атырау, 10 желтоқсан 21:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

Атыраудағы мемлекеттік мекемелердегі заңсыз қызметтер: монополияға қарсы орган 30-дан астам нұсқама берді

111 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мемлекеттік мекемелердің қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы хабарлады. 

Жыл басынан бері мемлекеттік сектордағы 100 кәсіпорын мен заңды тұлғалардың қызметі тексерілді. Нәтижесінде мәдениет және білім саласындағы 31 кәсіпорынның монополияға қарсы органның келісімінсіз қосымша қызмет көрсеткені анықталып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Бұл туралы департамент басшысы Набиева Айгүл баспасөз брифингінде айтты. 

Оның айтуынша, департаменттің негізгі міндеті – нарықта адал әрі тең бәсекелестік ортасын қалыптастыру, жосықсыз бәсекелестік пен монополиялық әрекеттердің алдын алу. Жыл басынан бері 10 тауар нарығында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізіліп, оның 5-еуі жоспар бойынша, ал қалған жартысы жоспардан тыс орындалды. Талдаулар мектепке дейінгі және орта білім, азық-түлік өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы, авиаотын нарығы, күнбағыс майы, ұн және құс еті нарықтарын қамтыды.

Бір субъектінің әрекеттерінен заңнаманы бұзу белгілері анықталып, оған ресми хабарлама жіберілді. Жеті тергеп-тексеру тағайындалып, оның алтауы аяқталып, біреуі уақытша тоқтатылды. 2025 жылдың басынан бері департаментке «Е-Өтініш» жүйесі арқылы 104 өтініш түсті. 

Айгүл Набиева мұндай фактілер мемлекеттік ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына және жекеменшік сектордың дамуына кедергі келтіретінін атап өтті. Мониторинг жұмыстары алдағы жылы да жалғасады.

Бүгін, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.