Атырау, 11 желтоқсан 20:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

Жаңа Қаратон тұрғындары малға жануар шапқанын хабарлады

281 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот
Видеодан жасалған скриншот
Кентте түнгі шабуылдардан кейін қой мен ешкі өлімінің екі жағдайы тіркелген, оның бір эпизодында бақылау камералары малға ит шабуыл жасағанын көрсеткен.

9 желтоқсан күні Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кентінде белгісіз жыртқыш бірнеше қой-ешкіні талап өлтіріп кеткен. 
Үй иесінің айтуынша таңертең жабық қораға барғанда бірінің жүнін жұлып, екіншісінің ішек-қарнын ақтарып кеткен. Шибөрі деген болжам айтылуда. 

Ал қарашаның 21-нде бір тұрғынның төрт қойын өлтіріп кеткен. Үй видеокамерасынан қарағанда ит екені анықталған.

Жаңа Қаратон әкімінің міндетін атқарушы Ербол Шымырбай бұралқы итке қатысты тұрғындар тарапынан шағым жиілегенін атап өтті. "Кентте бұралқы иттердің көбеюіне байланысты тұрғындар тарапынан шағым көп түсіп жатыр. Бұралқы иттерді аулау ҚР "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" номер204-VII заңына сәйкес, яғни аулау, уақытша оқшаулау, ветеринарлық тексеру, вакцинанциялау, залалсыздандыру жүргізіледі. Ал иттерді атуға әкімдік пен ветеринарға заңмен тиым салынған. Осыны кейбір адамдар түсіне бермейді".

Кент бойынша 100 бұралқөы итті аулау көрсетілген, ол жоспарды орындау үшін кент әкімшілігі  ЖК М.Нұрбаевпен келісім шартқа отырған. ЖК қыркүйекке дейін ол жоспарды орындап шыққан. Енді қарашада кентте тағы 50 бұралқы итті аулауға қаражат бөлінген. Оны ЖК Сагинов атқаруы тиіс.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Кеше, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.