Атырау, 10 желтоқсан 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

КҚК құбырына жасалған шабуылдан кейін Қашаған мұнайы Қытайға бағытталады

72 рет қаралды
Сурет: kbv.kz
Сурет: kbv.kz

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалына жасалған дрондық шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайының экспорттық жолдарын қайта қарауға кірісті, деп жазады ҚазАқпарат. 

Министрлік мәліметіне қарағанда, шабуылдар экспортты толық тоқтатпаған. Қауіпсіздік талаптары күшейтілген жағдайда порттың қолданыстағы инфрақұрылымы арқылы мұнай жөнелту жалғасып жатыр.

Ведомство қазіргі уақытта жүк жөнелтушілермен бірлесіп, мұнай көлемдерін жедел түрде қайта бөлу шараларын қолға алған. Соның нәтижесінде Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайдың белгілі бір бөлігі Қытайға бағытталды.

Энергетика министрлігі жағдай тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.

Бүгін, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.