Атырау, 10 желтоқсан 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

Атырау жылу орталығы басты назарда: Қоғамдық кеңесте газбен қамту мәселесі қаралды

85 рет қаралды

Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы төраға Жақып Хайрушевтің жетекшілігімен өтті. Жиында саланы дамыту, жер қойнауын тиімді пайдалану және салааралық жобалардың нәтижелілігін арттыруға қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Кеңес мүшелері алдымен шағын кен орындарын реттеу тетіктерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылады. Сонымен бірге геоэкологиялық және гидрогеологиялық зерттеулердің нәтижелеріне назар аударылып, жерасты суы қорлары шоғырланған аумақтарда жер қойнауын пайдалануды реттеу бойынша бастамалар қаралды.

Отырыс барысында мұнай-газ саласының ірі операторлары тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жергілікті құрамды дамытуға қатысты есептерін таныстырды. Бұған қоса, Атырау жылу орталығын газбен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, кадрларды даярлау жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындауы талдау нысанына алынды.

Қатысушылар қосымша ғылыми-зерттеу қызметтері аясындағы басым технологиялық жобаларды іріктеу механизмдерін қарастырып, инженерлік-техникалық әлеуетті арттыру жолдарын талқылады. Бұл бағытта мамандардың құзыреттерін дамыту, біліктілікті көтеру және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу негізгі басымдықтар ретінде атап өтілді.

Бұған дейін мәжілісмен Дүйсенбай Тұрғанов премьер-министрге Атырау ЖЭО-ның газбен жабдықталуына байланысты жағдайға шұғыл араласуды талап етіп жүгінген болатын. Оның айтуынша, Теңізшевройлдың 2026 жылдан бастап газды тікелей жеткізуді тоқтату және ЖЭО-ны "QazaqGaz" ұлттық операторы арқылы сатып алуға көшіру туралы шешімі қолданыстағы заңнамаға қайшы келіп қана қоймай, тарифтер үшін де елеулі тәуекел тудырады.

Депутаттың бағалауынша, жеткізу схемасын өзгерту халық үшін коммуналдық қызметтер құнының айтарлықтай өсуіне әкелуі мүмкін:

  • электр энергиясы - шамамен 40%,
  • жылу - шамамен 90%.
Бүгін, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.