Атырау, 10 желтоқсан 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

БЖЗҚ 2026 жылға зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін 10%-ға көтерді

87 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет
Ашық дереккөзден алынған сурет

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің (ЕЖШ) жаңа көрсеткіштерін жариялады. Қордағылардың айтуынша, өсім орташа есеппен 10%-ды құрайды және ағымдағы инфляция деңгейіне де, алдағы кезеңге болжамға да сәйкес келеді.

Шекті көрсеткіштерді есептеу жақын арадағы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізінде жүргізілді деп түсіндірді БЗЖҚ. Құжатқа осы аптада президент қол қойды.

Бюджетке сәйкес 2026 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңгені, ең төменгі зейнетақы 69 049 теңгені, ал күнкөріс деңгейі 50 851 теңгені құрайды. Ең төменгі жеткіліктілік шегі — зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін төлемдерді қолданыстағы ең төменгі зейнетақы деңгейінен төмен емес деңгейде қамтамасыз ету үшін салымшының зейнетақы шотында қалуы тиіс сома (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып).

БЖЗҚ 2026 жылға арналған әртүрлі жас топтары үшін ЕЖШ-нің болжамды көрсеткіштерін  келтірді:

20 жас — 3,72 млн теңге;

30 жас — 5,12 млн теңге;

40 жас — 6,72 млн теңге;

50 жас — 8,57 млн теңге;

60–62 жас — 10,7 млн теңге.


Бүгін, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.