Атырау, 10 желтоқсан 12:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

​«Олимпиакос» қорғаушысы: «Анарбеков бізге көп қиындық тудырды»

125 рет қаралды
Сурет: sports.kz
Сурет: sports.kz

«Олимпиакос» қорғаушысы Жулиан Бьянкон Астанада өткен Чемпиондар Лигасы матчы барысында «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековтің ойынын жоғары бағалады, деп жазады sport12.kz.

Француз футболшысы Анарбековтің грек клубы үшін үлкен кедергі болғанын айтып, оның сегіз әсерлі сейв жасағанын атап өтті.

«Ол — нағыз жынды. Шынымен жынды. Бізге көп қиындық тудырды, керемет матч өткізді. Оған тамаша карьера мен тек жақсылық тілеймін», — деді Бьянкон.

Темірлан Анарбеков матчтың үздігі (MVP) атанып, бірнеше қауіпті сәтте команданы құтқарды және ойынның соңына дейін интриганы сақтап қалды. Ол сондай-ақ Чемпиондар Лигасындағы матчта «үздік ойыншы» атанған тарихтағы алғашқы қазақстандық футболшы болды.

Бүгін, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.