Атырау, 21 желтоқсан 09:56
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Мұнайшыдағы» голсыз тең есеп

2 023 просмотра

29 қыркүйекте «Мұнайшы» стадионында футболдан ел чемпионатының 28-туры матчында «Атырау» командасы қостанайлық «Тобылды» қабылдады.

Ойын алма кезек шабуылдармен өтті. Бірінші таймда «Атырау» шабуылшысы Ненад Иняцтың гол соғуға үлкен мүмкіндігі болған, алайда ол Алексей Щеткиннің өткір пасынан кейін допқа жете алмады. 2-таймда алаң иелерінің қақпашысы Андрей Шабанов 11 метрлік айып добын қайтарып, матч қаһарманы атанды. Жанкүйерлер ойын соңына дейін гол көре алмады, ойын осылайша 0:0 есебімен тең аяқталды.

Ойын алдында стадиондағы диктор «Атырау» ойыншысы Айбар Нұрыбековты үйлену тойымен құттықтады. Жас күйеу жігіттің өзі ескерту қағаздарының көптігінен, осы ойынға қатыса алмады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

30 қыркүйек 2013, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.