Атырау, 10 желтоқсан 06:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

Атырау облысында тозығы жеткен кәріз желілері жаңартылып жатыр

176 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысында кәріз желілерінің жартысына жуығын ауыстыру қажет: 535 шақырым болатын құбырдың 44%-ның тозығы жеткен деп танылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, бүгінде облыста инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша ауқымды кешенді жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Қазір қалада өздігінен ағатын ескі коллекторларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспарға барлығы ұзындығы 33,4 шақырым болатын 31 учаске енді. Бүгінде оның 12,8 шақырымы қалпына келтірілді, қалған учаскелер әлі де жөнделіп жатыр. 

Сондай-ақ қалада 45 кәріз сорғы станциясын (КСС) қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланып жатыр. Жобалау жұмыстары басталды. Былтыр тоғыз КСС салынды: олардың жетеуі іске қосылды, екеуі жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жаңа станциялардың 22 жобасы сараптамадан өтті, олардың жетеуіне қаражат бөлінді. Қалған 14 станция бойынша жобалық жұмыстар жалғасып жатыр.

Жаңа ықшамаудандарды орталық кәріз жүйесіне қосу үшін 24 учаскеде жоба дайындалып жатыр. Жұлдыз, Геолог және Мирас ықшамаудандарында құрылыс жұмыстары басталды - онда 92 шақырым құбыр өткізу жоспарланған. Жобаны келесі жылы аяқтауға уәде берілді.

Жобалау жұмыстары облыстың ауылдық елді мекендерінде де жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті қорытынды шыққаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады.

Сонымен қатар, Құлсары қаласында жаңа тазарту құрылысының жобасы әзірленіп жатыр. Ол тәулігіне 10 мың текше метрге дейін ағынды су қабылдайтын болады. Жоба жыл соңына дейін сараптамаға жіберілуі тиіс, ал құрылыс жұмыстары 2026-2027 жылдарға жоспарланған.

Айнұр САПАРОВА

Кеше, 22:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.