
Әлеуметтік желіде Береке ықшам ауданындағы 9 қабатты үйлердің сапасына қатысты видео жарияланды. Үйлердің шатырында кірпіштердің арасы ашылып, бір жағына қарай ығысқаны байқалады.
Видеодан кірпіштердің қалай болса, солай қаланғаны көрінеді. Аяқ астындағы бетон да жарыла бастаған. Бұл мәселеге байланысты біз қала әкімдігінен комментарий алдық.
Қала әкімдігі баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген былай деп жауап берді: “Береке ықшам ауданындағы 20-шы тұрғын үй бойынша техникалық тексеру жүргізу жұмыстары ұйымдастырылды. Шешім осы тексерудің нәтижелеріне сәйкес қабылданады”.
Біздің сауалымызға қосымша мына ақпарат берілді: аталған үйдің мекенжайы — Береке ықшам ауданы, 20-үй. Ол 2019 жылы пайдалануға берілген. Тапсырыс беруші — қалалық Құрылыс бөлімі. Мердігер ұйым — «БатысАльянсСтрой» ЖШС.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -4