Атырау, 9 желтоқсан 18:45
 ашықВ Атырау -2
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​"Отбасы банктің" Атыраудағы тұрғын үй бағдарламалары

91 рет қаралды

Атырауда “Әскери баспана” бағдарламасы арқылы 77 адам баспаналы болды. 

Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Шыңғыс Құттықов айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құттықовтың айтуынша, бастапқы жарна — 20-50%, несие сомасы тұрғын үй құнының 50% дейін болса, жылдық мөлшерлемесі 18% құрайды. Қатысушыларға банкке жеке келудің қажеті жоқ, әр ведомство өз тізімі бойынша үміткерлерді жолдайды, ал менеджерлер өтінімдерді тексеріп рәсімдейді.

Жалпы жыл басынан бері Атырау облысында 2149 тұрғын «Отбасы банк» арқылы жаңа үйге қол жеткізген.

Ш.Құттықовтың мәліметінше, тұрғын үй қорының 70 пайызы көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектігі бар азаматтар және өзге де әлеуметтік санаттарға бағытталады.

Банк депозитінде несие сомасының кемінде 50%-ын жинаған азаматтар 3,5-8,5% мөлшерлемемен тұрғын үйге несие ала алады. Әлеуметтік санаттағы азаматтар үшін «Наурыз» бағдарламасының мөлшерлемесі – 7%, қалған азаматтар үшін – 9%. Бастапқы жарна 10–20%, несие мерзімі — 19 жыл.

Биыл іске қосылған «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы арқылы 8230 жұмысшы мамандық иесі конкурссыз түрде қатысқан.

Бүгін, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.